«Жауынгер» спорт клубы
«Жауынгер» спорт клубы ұлттық спорт түрі «Жекпе-жек» және ММА жекпе-жек өнері бойынша секция ретінде колледжде 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істей бастады.
Мақсаты: Жоғары деңгейдегі жарыстарда студенттеріміздің жетістіктері арқылы колледжде салауатты өмір салтын және спорттық қызметті насихаттау.
Негізгі міндеттері
— «КИнЭУ Кәсіпкерлік колледжі» ЖМ жанындағы балалар мен жасөспірімдер секцияларын дамыту арқылы өскелең ұрпақты колледжде білім алуға кәсіби бағдарлау. Студенттердің еңбек дағдыларын, ерік-жігерін, ойлау қабілетін, зейінділігін, өз күшіне деген сенімін дамыту, аға буын өкілдеріне құрметпен қарауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
— Студенттер арасында патриоттық сезімді қалыптастыру.
— Әртүрлі клубтардың студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
— Студенттердің спорт пен оқу барысындағы жұмыс қабілетін арттыру, олардың физикалық және психологиялық қасиеттерін жетілдіру.
— Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және тиімді өткізу.
— Спорттық разрядтары бар спортшыларды дайындау.
— Спорттық шеберлікті арттыру мақсатында студенттердің халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық турнирлерге қатысуын ұйымдастыру.
— Спортпен және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысу қажеттілігін қалыптастыру және өзін-өзі үнемі жетілдіруге ынталандыру.
Барлық ниет білдірушілерді күтеміз! Бізге келіңіздер, бізде керемет!
Жаттығуларды тәжірибелі жаттықтырушылар өткізеді.
Жаттықтырушылар: Байкин Суреш Серикович, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері;
Бадыров Қайрат Урунтаевич, армиялық қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлігіне кандидат.
Жаттығу кестесі
| Студенттер, мектеп оқушылары | Апта күні | Уақыты |
| Дүйсенбі | 18:30–20:30 | |
| Сәрсенбі | 18:30–20:30 | |
| Жұма | 18:30–20:30 | |
| Кіші топ 6 жастан 13 жасқа дейін |
Сейсенбі | 18:30–20:30 |
| Бейсенбі | 18:30–20:30 | |
| Сенбі | 12:00–14:00 |