Как проводится конкурс
Конкурсқа өтініш берген кезде түсушілер ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің Классификаторына сәйкес төрт мамандыққа және/немесе біліктілікке дейін таңдайды (педагогикалық, медициналық мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, олар ТжКБ кадрларын даярлау бір саласының төрт мамандығына және/немесе біліктілігіне дейін таңдайды), ТжКБ ұйымдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия бекіткен төрт ТжКБ ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды.
Конкурсқа қатысу үшін негізгі орта білім (9 сынып) базасында түсушілер күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 18 тамызына дейін өтініш береді; жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 20 тамызына дейін өтініш береді.
Конкурс Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бойынша бағалардың орташа конкурстық балы негізінде талапкерлерді автоматты түрде бөлу арқылы өткізіледі. Талапкерлерді автоматты түрде бөлу Білім басқармасы айқындаған ақпараттық жүйе («AZAMAT» АЖ) арқылы жүзеге асырылады.
Түсушілер арасында конкурс:
— негізгі орта білім базасында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында өткізіледі,
— негізгі орта білім базасында ақылы негізде – күнтізбелік жылдың 26-28 тамызы аралығында өткізіледі,
— жалпы орта білім базасында, ТжКБ базасында – 22-25 тамыз аралығында өткізіледі,
— жалпы орта білім базасында, ТжКБ базасында ақылы негізде – 26-28 тамыз аралығында өткізіледі.
Бағалардың жиынтық балы қалыптастырылады:
негізгі орта білімі бар түсушілер үшін (9 сынып) – үш пән бойынша бағалардан/балдардан: міндетті пәннен (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пәннен қалыптастырылады.
жалпы орта білімі бар түсушілер үшін (11 сынып) – төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндерден (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пәннен қалыптастырылады.
