Учебная работа
Оқу процесін жалпы жоспарлау нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Колледжде оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу сабақтары басталғанға дейін оқу процесінің кестесі мен сабақ кестесі жасалады. Оқу процесін тұрақты бақылау мақсатында тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары колледж әкімшілігінің кезекшілік кестесін әзірлейді. Сабақ кестесі студенттерге қолжетімді және кесте тақтасында орналастырылады.
Студенттермен сабақтар төмендегідей негізгі нысандар бойынша өткізіледі:
- Теориялық сабақтар;
- Практикалық сабақтар;
- Зертханалық жұмыстар;
- Бақылау жұмыстары;
- Консультациялар;
- Сынақтар мен емтихандар;
- Курстық жұмыстар мен жобалар;
- Дипломдық жобалар;
- Оқу және өндірістік практика;
- Өзіндік жұмыс;
- Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Оқытушылар педагогикалық жүктемені жоспарлауға сәйкес теориялық, практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстар өткізеді, сондай-ақ дипломдық жобаларға жетекшілік етеді. Ақпарат алмасудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында мамандықтар мен топтар бойынша сынақ-емтихан сессиясына енгізілген пәндер және емтихандар кестесі көрсетілген ақпараттық стендтер орналастырылған.
Курстық жұмыс (жоба) студенттердің дағдыларын бағалау және тиісті пән бойынша алған білімдері мен біліктерін бекіту мақсатында орындалады.
Курстық жұмыстарды (жобаларды) ұйымдастыруға дайындық жұмыстарын тиісті циклдік комиссиялар төмендегі тәртіппен жүзеге асырады:
- Курстық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптарын бекіту;
- Курстық жұмыстарға (жобаларға) арналған тапсырмаларды дайындау.
Курстық жұмыстар (жобалар) белгіленген кестеге сәйкес қорғалады.
Күндізгі оқу нысанындағы теориялық оқытудың жалпы оқу уақыты аптасына кемінде 36 сағат міндетті оқу жүктемесі негізінде анықталады (бұл көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді). Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады.
Барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау өткізу қарастырылған. Оның негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ және емтихан.
Кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеруді аяқтағаннан кейін білім алушының дайындық деңгейін бағалау мақсатында қорытынды аттестаттау өткізіледі. Қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша емтихандар тапсыруды, дипломдық жобаны орындауды және қорғауды қамтиды.