img

2026 жылғы 19 маусымда 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының 4ПОВТ-20Б тобы студенттерінің дипломдық жобаларын қорғауы өтті.

Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы – «Қостанай-Су» МКК жетекші жүйелік әкімшісі Гусев Иван Владимирович болды.

Комиссия құрамында:
• Амантаев Әлішер Амантаевич – Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің цифрландыру және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы;
• Миллер Владимир Владимирович – арнайы пәндер оқытушысы.

Қорғау барысында студенттер кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетіп, өздерінің бағдарламалық өнімдерін таныстырды және ақпараттық технологиялар саласындағы практикалық міндеттерді шешуге дайын екендіктерін дәлелдеді.

Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша дипломдық жобаларын «өте жақсы» бағасына қорғаған 3 студенттің жетістігі ерекше атап өтілді.

Түлектерімізді дипломдық жобаларын сәтті қорғауларымен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметтерінде табыс, мансаптық өсу және ақпараттық технологиялар саласында жаңа жетістіктер тілейміз.