img

Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Алия Аблаевна Тавтыбаеваның жетекшілігімен «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығының 1А-50кБ тобының 1 курс студенттері – Жаслан Альмагамбетов, Нұрболат Кусанов «Жыр алыбы – Жамбыл» Республикалық байқауына қатысты.

Байқауды «Ашық алаң» республикалық зияткерлік орталығы ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты- ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау.

Байқау ережелеріне сәйкес қатысушы Жамбыл Жабаевтың өлеңін жатқа оқып, өзін таныстырып, бейне түсіруі керек.
Біздің студенттер қойылған міндеттерді ойдағыдай орындап, Альмагамбетов Жаслан – бас жүлдені, Кусанов Нұрболат – І орынды иеленіп, дипломдармен марапатталса, ал жетекшісі Тавтыбаева Алия Аблаевна алғыс хатпен марапатталды.