img

Колледжде ашық есік күні іс-шарасы өтті. 16.11.2023 ж Онкүндік «Темір жол көлігі және экономикалық пәндері» ПЦК іс-шарасы аясында жалпы саны 25 адамнан тұратын Қостанай қаласының №6 жалпы білім беретін мектебінің тоғызыншы сынып оқушылары шақырылды.

Мектеп түлектеріне оқу орнымыздың мамандықтары, оқуға қабылдау ережелері мен оқу шарттары таныстырылды, оқу корпустары, спорт кешендері, оқу шеберханалары мен зертханалар көрсетілді.

Колледж оқытушылары өз мамандықтары бойынша зертханалық кабинеттерімізде қолданылатын оқу құрал-жабдықтарын анық көрсетті. Колледждің металл өңдеу-механикалық шеберханасында мектеп оқушыларымен шеберлік сыныбы өткізілді, онда мектеп оқушылары компьютерлік дәнекерлеу тренажерының көмегімен практикалық жұмыстарды өз бетінше орындай алды.
Оқушылар қызығушылық танытты, көптеген сұрақтар қойды атап айтқанда: қабылдау ережелері, жатақханада тұру құны, қандай ерекшеліктер. Мамандыққа қызықтырушылық тудыратын пәңдерге сәйкес оқытылады және болашақта кім ,қайда жұмысқа орналаса алады, жұмыс істей алады және т.б.

Шара соңында мектеп оқушыларына брошюралар мен түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды.

Біз орналасқан мекенжай:
Қостанай, Чернышевский 59; ost. КИнЕУ (автобустар 5,12,27)

Барлық қажетті ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

Қабылдау комиссиясы:

☎8(7142) 28-29-58;

8(7142) 28-02-60;

8(7142) 39-47-70;

📲 8(771)293-4140.

Колледждің жауапты қабылдау комиссиясының хатшысы: Собарь Виталий Анатольевич.