img

2023 жылдың 28 қыркүйегінде колледжде «Посвящение в студенты» атты жалпы колледждік іс-шарасы өтті. Бірінші курс студенттері сиқырлар мен ғажайыптар әлеміне үңілу мүмкіндігіне ие болды.

Сыналар алдында 5 командаға бөлініп, студенттік өзін-өзі басқарудың атынан сынақ алушылар 13 алаң дайындады. Барлық орындар “Гарри Поттер әлемі” тақырыбына сәйкес ұйымдастырылды. Ұсынылған сынақтардан барлық командалар өте алмады. Өйткені командаларға тапсырманы орындау үшін бір сағат уақыт берілген еді.

Квест аяқталғаннан кейін командаларға ұпайлар берілді, әр команда 10 балдық жүйемен бағаланды. Барлық сынақтардың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда жасыл жалаумен белгіленді.

«Посвящение в студенты» акциясының барлық қатысушыларын «ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесінің студенттерінің қатарына қосылуымен құттықтаймыз.

Жаңа жеңістер мен алға қойған мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспіз!