img

Колледжде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру – білім сапасын арттырудың басты шарты».

Педагогикалық кеңесте бірнеше мәселелер қаралды: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Евгений Олегович Холин сөз сөйледі, «Кәсіби құзыреттілік үлгісі» іскерлік ойынын колледж әдіскерлері Жолдыбаева Сәуле Батырхайырқызы мен Мамитанова Лаззат Калижановна өткізді.

Іскерлік ойында ұжым кіші топтарға бөлініп жұмыс істеді, топтар әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз тапсырмаларын жасады.

Жас мамандар белсене қатысып, тәжірибелі мамандар қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексияда «Тілек сандығы» әдісі қолданылып, әріптестер өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.