img

Колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Чернышов Дмитрий Николаевич «Үздік дене шынықтыру оқытушысы» облыстық байқауына қатысты.

Байқаудың қазылар алқасының қорытындысы бойынша Дмитрий Николаевич Чернышов бірінші кезеңнен өтіп, екінші кезеңге қатысуға рұқсат алды.

Екінші кезеңде сайысқа қатысушылар әзірленген сабақтың негізгі бөлімін қазылар алқасының назарына ұсынып, қозғалыс әрекетін орындау техникасын көрсетті.

Оқытушылардың сайсын «Үздік дене шынықтыру пәні оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы, колледж оқытушысы Чернышова Татьяна Александровнадан тұратын білікті қазылар алқасы бағалады.

Дмитрий Николаевич сертификатпен, ал Татьяна Александровна Білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.