img

ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенттері «Мың бала» зияткерлік орталығы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып 2023-2024 оқу жылының ақпан-наурыз айындағы ұйымдастырған «Мақатаев оқулары» республикалық конкурсына қатысты. Байқау мақсаты: – білім алушылардың ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау; – жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру; – дарынды оқушыларға қолдау жасау. Байқау шарттары: білім алушылар байқауға ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңін видеоға жатқа оқып жіберді. Конкурс нәтижесі бойынша студенттер жүлделі орынға ие болды: Карбозов Сержан-1 орын, Сафина Анель-1 орын, Түгел Елдар-1 орын, Каким Наргуль-1 орын, Гайпов Көшкінбай-2 орын, Досмагулов Асар-2 орын, Скачкова Арина-2 орын. Студенттерді дайындаған үшін оқытушы Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна Алғыс хатқа ие болды және байқауға 7 білім алушы жұмысын жолдаған үшін арнайы Құрмет грамотасы табысталды.