img

Бүгін жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі аясында «Туған өлке құпияны ашады» атты квест өтті.

Квесттің мақсаты туған өлкеге деген танымдық қызығушылықты арттыру, ой-өрісін кеңейту, өз өлкесінің, елінің тарихына құрметпен қарау, бірлескен іс-әрекет нәтижесінде бір-біріне тілектестік қарым-қатынасты тәрбиелеу, іздеу жағдайларында ортақ шешімдер табу біліктерін дамыту.
Квестке кураторлармен бірге бірінші курстың 9 командасы қатысты. Әр команда тапсырмаларды алып, қойылған міндеттерді қуана шеше бастады. Ойынның құмарлығы әрбір өткен кезеңмен күшейе түсті.
Жалпы ойын сәтті өтті. Студентер мен кураторлар ұмытылмас әсер алды, үлкен қуат пен басқа тапсырмаларға қатысуға ынталандырды.