2026 жылдың 6–28 сәуір аралығында колледжде «Жылдың үздік жас оқытушысы» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты — талантты жас педагогтарды анықтау және қолдау, сондай-ақ олардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқауға 8 оқытушы қатысып, олар жоғары дайындық деңгейін, оқытудағы креативті көзқарасты және кәсіби өсуге деген ұмтылысын көрсетті.
Байқау үш кезең бойынша өтті:
• I кезең — ашық сабақтар апталығы;
• II кезең — сыныптан тыс іс-шаралар апталығы;
• III кезең — шығармашылық кезең.
Қорытынды кезең бүгін өтіп, оған қатысушылардың визиттік карточкасы, педагогикалық жағдаяттарды шешу және шығармашылық нөмірлері кірді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын — Шолохова Ирина Сергеевна, арнайы пәндер оқытушысы,
2 орын — Иржигитова Самал Муратбековна, арнайы пәндер оқытушысы,
3 орын — Марат Дамира Даниярқызы.
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар құрметті номинациялармен атап өтілді.
Байқау колледж өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, тәжірибе алмасуға және жас педагогтардың кәсіби әлеуетін ашуға ықпал етті.