img

16 мамыр күні колледжіміздің қабырғасында өңірдің білім беру ұйымдарынан келген 16 үздік команданың басын қосқан «Kazakh Cup» дебаттық турнирі өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шешендік шеберліктерін және өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғай білу қабілеттерін көрсетті.

Қызу пікірсайыс нәтижесінде турнир финалына келесі командалар жолдама алды:

  • «ҚИнЭУ Кәсіпкерлік жоғары колледжі» ЖМ;
  • «ЧелМУ» ФМББЖМ Қостанай филиалы;
  • Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 3 мектеп-гимназиясы» КММ.

Турнир жастар арасында тәжірибе алмасуға, сыни ойлау мен көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

Барлық қатысушылар қатысушы және финалист дипломдарымен марапатталды, ал жеңімпаздарға арнайы кубоктар табысталды.

Ұйымдастырушылар командаларға белсенді қатысқандары, жарқын ойын көрсеткендері және дебат қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.