img

22 маусым күні «Өнеркәсіп салалары бойынша машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығы білім алушыларының қорытынды аттестаттауы өтті.

Аттестаттау комиссиясының құрамында:

Комиссия төрағасы:
Якубовский Александр Васильевич – «Агромаш-Холдинг KZ» АҚ оқыту жөніндегі бас маманы.

Комиссия мүшелері:
Шайкемелов Әділ Амандықұлы – ALLUR зауытының локализация басқармасының жетекшісі;
Яковлева Наталья Михайловна – арнайы пәндер оқытушысы.

Аттестаттау барысында студенттер өнеркәсіптік жабдықтарды пайдалану, диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу салалары бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

Түлектерді қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтулерімен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметте толағай табыс, мансаптық өсу, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!