Бүгін 07140700 «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттауы өтті.
Студенттеріміз дипломдық жобаларын сәтті қорғап, кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, терең теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тобыл сигнализация және байланыс дистанциясы филиалының бас инженері Бердыбаев Ерлан Ғаниматұлы түлектердің дайындығына жоғары баға беріп, ұсынылған дипломдық жобалардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.
Комиссия мүшелері түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, кәсіби қызметтеріне толағай табыс, мансаптық өсу, өз күштеріне сенім және теміржол саласының дамуына үлес қосатын жаңа жетістіктер тіледі.
Құрметті түлектеріміз, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Алған білімдеріңіз болашақтағы жеңістеріңіз бен кәсіби жетістіктеріңіздің берік негізіне айналсын!