24 маусым күні «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» мамандығының білім алушыларының қорытынды аттестаттауы өтті.
Аттестаттау комиссиясының құрамы:
Комиссия төрағасы:
Түлікпаев Дәулетхан Дулатұлы – «REMSINTEZ RK» ЖШС өндіріс жөніндегі директордың орынбасары.
- Комиссия мүшелері: Шайкемелов Әділ Амандықұлы – ALLUR зауытының локализация басқармасының жетекшісі.
- Собарь Виталий Анатольевич – оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
Аттестаттау қорытындысы бойынша екі түлек кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, емтиханды «өте жақсы» деген бағамен тапсырды.
Түлектерді қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуімен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметінде толағай табыстар, мансаптық өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!