img

25 маусым күні «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» мамандығының білім алушыларының қорытынды аттестаттауы өтті. 3ТМ-17Б тобы.

Аттестаттау комиссиясының құрамы:

Комиссия төрағасы:

Түлікпаев Дәулетхан Дулатұлы – «REMSINTEZ RK» ЖШС өндіріс жөніндегі директордың орынбасары.

  1. Комиссия мүшелері: Шайкемелов Әділ Амандықұлы – ALLUR зауытының локализация басқармасының жетекшісі.
  2. Собарь Виталий Анатольевич – оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.

Аттестаттау қорытындысы бойынша үш түлек жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетіп, емтиханды «өте жақсы» деген бағаға тапсырды. Түлектерді қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуімен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметінде толағай табыстар, мансаптық өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!