img

23 маусым күні «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша білім алушылардың қорытынды аттестаттауы өтті.

Аттестаттау комиссиясының құрамына:

Комиссия төрайымы:
Грязнова Екатерина Дмитриевна – «KEGOC» АҚ «Сарбай электр желілері» филиалының СРЗжЭ қызметінің І санатты инженері.

Комиссия мүшелері:

  1. Кунтуаров Диас Мейрамович – «Аврора 75» ЖШС-нің инженер-энергетигі.
  2. Мурзабаев Бахытбек Батыржанұлы – арнайы пәндер оқытушысы.

Аттестаттау қорытындысы бойынша үш түлек жоғары кәсіби даярлық деңгейін көрсетіп, емтиханды «өте жақсы» бағасына тапсырды.

Түлектерді қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуімен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметінде толағай табыстар, мансаптық өсу, жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарының орындалуын тілейміз!