15.04.2026 күні ОД онкүндігі аясында бірінші курс студенттері арасында «PROзнания» атты зияткерлік ойын өтті. Бұл шара өте жарқын, көңілді әрі қызықты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.
Командалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тапқырлықтарын, білімдерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Ойын белсенді, тартысты және өте әсерлі өтті, ал жеңіс үшін күрес соңына дейін жалғасты.
Ойын қорытындысы бойынша 1ПОВТ-26 тобы жеңімпаз атанып, 1М-33 Б тобын бар болғаны бір ұпайға басып озды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Студенттерге белсенділіктері, жағымды көңіл-күйлері және білімге деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз!