img

17 сәуірде жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі аясында оқытушылар Исакова А.М. және Зыкова Р.Ю. 1 курстың 1Э-23Б тобы студенттерімен бірге Ы Алтынсарин облыстық мемориалдық мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияның мақсаты: Өңіріміздің білім саласына зор үлес қосқан халқының тарихымен танысу. Экскурсия жетекшісі ұлы ақын, жазушы, ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, алғашқы мектептерді ашу кезіндегі қиындықтары туралы айтты. Студенттер Ы.Алтынсарин өмір сүріп, қызмет еткен заман тынысын сезінгендей болды.