Тарих

«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ заңды тұлға мәртебесі бар, кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны болып табылады.

Құрылтайшылардың жалпы жиналыс шешімімен Қостанай бизнес және басқару колледжі (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы 29 тамыз 1996 жылғы №1108-1937-У-е, қайта тіркеуі 08 шілде 2004 жылғы №1108-1937-У-е куәлігі негізінде) құрылды. «Менеджмент» және «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша қабылдау жүргізілді. Алғашқы түлек саны – 50 студент.

Құрылтайшылардың 11 қазан 2004 жылғы № 5 шешімімен Қостанай бизнес және басқару колледжінің аты «Қостанай техникалық-экономикалық колледж» мекемесі болып өзгертілді. Студенттердің дайындығы 7 мамандық бойынша жүргізілді.

Құрылтайшылардың 10.09.2007 жылғы жалпы жиналыс шешімімен Техникалық-экономикалық колледж М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-ге қосылып, университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істеді. 2011 жылы колледж мемлекеттік аттестаттау мен Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңға және біліктілік талаптарына сәйкестік тексерісінен ойдағыдай өтті.

«М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесі құрылтайшыларының 08.08.2016 жылғы жалпы жиналыс хаттамасымен «ҚИнЭУ колледжі» жеке мекемесін бөліп шығару арқылы «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің» қайта құрылуы өткізілді.

«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ өз қызметін 12.08.2016 жылғы «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесінің Жарғысы негізінде жүзеге асырады; заңды тұлғаның 17.08.2016 жылғы мемлекттік тіркеу туралы анықтамасы (160840015399 бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның аталуы: «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесі, заңды тұлғаның орналасуы: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Чернышевский көшесі, 59 үй.

«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесінің қызметі колледж жарғысы мен ережесінде белгіленген мақсат пен міндетке сәйкес 17.10.2016 жылғы № KZ06LAA00007659 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады. Осы лицензия «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесі құрылтайшыларының 08.08.2016 жылғы жалпы жиналыс хаттамасымен «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесін бөліп шығару арқылы қайта құрылуына байланысты алынды.

Колледждегі оқыту күндізгі және сырттай оқыту түрінде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ техникалық кәсіптік білім беру мамандарын дайындау және «колледж-ЖОО» үлгісі бойынша үздіксіз білім беруді жүзеге асыру мақсатымен құрылған. Бұл үлгі М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетімен бірлесіп іске асырылуда. Колледж түлектері жоғары оқу орнына ұқсас мамандықтарға оқуға түседі. Колледж және университетте бір отбасынан оқитын балалардың әрбіріне 10% көлемінде оқуға жеңілдік жасалады. Университет шет елде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Студенттеріміз университет кафедралары өткізетін олимпиадалар мен сайыстарға белсенді қатысады.

Колледж студенттерінің автомобиль ісі бойынша оқып, көлік жүргізудің арнайы құқығын алуға, «1С-бухгалтерия», «АРTECH English» ағылшын тілі курстарын өтуге мүмкіндіктері бар. колледж → ЖОО → магистратура үздіксіз білім алуға барлық жағдай жасалған.

2014 жылдан колледжде 1303000 «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқыту жүйесін жетілдіру жүзеге асырылуда. Процесс Институционалдық даму жобасы аясындағы Даму және жетілдіру халықаралық банкі мен ҚР БҒМ грант қаржысы есебінен іске асырылды. Грант жабдық, оқу және оқу-әдістемелік әдебиет алу, оқытушылар құрамының біліктілігін арттырып, тағылымдама жасауға пайдаланылды.

ИДЖ жүзеге асыру барысында бірегей жабдықтар алынды:

1. Маршруттық рельстік тізбектің терім тобы жаттығу құрылғысы;
2. Станция кезекшісінің пульт-таблосы жаттығу құрылғысы;
3. Маршруттық рельстік тізбектің орындау тобы жаттығу құрылғысы;
4. Маршруттық рельстік тізбек және сандық кодты автоблоктау құрылғыларының қиыстыру сұлбаларының жаттығу құрылғысы;
5. Кіру бағдаршамын басқару сұлбасының жаттығу құрылғысы;
6. Сандық кодты автоблоктау жаттығу құрылғысы;
7. Жылжымалы құрамның шығуын бақылау құрылғысының жаттығу құрылғысы;
8. Аралық бойынша қозғалыс бағытын ауыстыру сұлбасының жаттығу құрылғысы;
9. Іске қосу блогі бар жеке бағыттаманы басқарудың екісымды сұлбасы.

Жабдықтың бірегейлігі Сабағаттық кеңес жұмысы барысында жұмыс берушілердің айтылған ұсыныстары мен кепілдемелеріне сәйкес және тапсырыспен жасалғанында.

Колледж педагогтері көшпелі курстар мен шетелдік орталықтарда: Франциядағы Севр CIEP педагогикалық зерттеулердің халықаралық орталығы, Германияның Керпен қаласындағы Lucas-Nulle GmbH компаниясының оқу орталығы, Ресейдің Мәскеу, Белоруссияның Минск қалаларындағы «Оқытудың модульдік жүйесін дамытудың халықаралық орталығы», АНО ФГБОУ ВПО «Урал мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясы» базасында өткізілген «Hochschule Weihenstephan-Triesdorf University of Applied Sciences» Халықаралық оқыту семинары аясында ҚИнЭУ-Вайнштефан серіктестігі негізінде «Agrar-Vanagement» көшпелі курстарында оқытудан өтті.

Біліктілікті арттыру түрлерінің бірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда тағлымдамадан өту болып табылады. Инситуционалдық даму жобасын жүзеге асыру аясында 2014 жылдың қазан айында 10 адам ССГПО АҚ базасында тағлымдамадан өтті.

2014 жылдан 2018 жылға дейін колледж «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша түлектерді дайындау үшін дуалды оқытуды қолдану» тақырыбындағы эксперименттің өткізілуіне қатысты. Эксперимент аясында оқу процесіне әзірлеген 12 модульдік бағдарлама және 7 авторлық лицензиялы электронды оқулық енгізілді.

Экспериментке «Қазақстан темір жолы – «Костанай жол бөлімшесі» Ұлттық компания» акционерлік қоғамының филиалы», «Қостанай сигнал беру және байланыс қашықтығы», «ТрансТелеком» «Қостанай ТрансТелеком» АҚ секілді әлеуметтік серіктестеріміз қатысты. Кәсіпорын өкілдерімен олардың мамандарды дайындаудағы тілектері мен талаптары талқыланды. Кездесу кезінде өндірісте өткізілетін өндірістік тәжірибе деңгейі бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларына бірыңғай біліктілік сипаттамалардың әзірленуі туралы шешім қабылданды.