
“Жақсылық Бумеранг” ұйымының еріктілері Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай акция өткізді. Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай еріктілер студенттер арасында акция ұйымдастырды. Қатысушыларға волонтерлердің өздері әзірлеген ақпараттық брошюралар таратылды, онда АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және олардың денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы мәліметтер қамтылды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ЖИТС эпидетімен күресудің және АИТВ — мен өмір сүретін адамдармен ынтымақтастықтың халықаралық символы-қызыл ленталар байланған.