
2025 жылғы 22 мамырда
Дене шынықтыру және НВТП ПЦК онкүндігі аясында
Чернышова Т.А. «Тоғызқұмалақ ойынын үйрету бойынша мастер-класс» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шара қысқаша кіріспе бөлімінен басталды, онда оқытушы Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы, оның қазақ мәдениетіндегі маңызы және негізгі ережелері туралы айтып берді. Одан кейін ойын тақталары, құмалақтар және оларды қолдану ережелері көрсетілді.
Теориялық бөлімнен кейін студенттер арасында шағын турнир ұйымдастырылды. Қатысушылар жұптарға бөлініп, алған білімдерін тәжірибеде қолданды. Ойын барысын колледждің тоғызқұмалақ командасының мүшесі болып табылатын, ойын ережелерін жақсы меңгерген студент-судьялар қадағалады.
Студенттер іс-шараға белсенді қатысты, мұқият тыңдап, сұрақтар қойды. «Мастер-кластан» кейін үлкен қызығушылық танытты.
Іс-шараға 43 студент пен 12 оқытушы қатысты.
Мини-турнирге 6 студент қатысты (1ОПУ-52кБ, 1ПОВТ-23Б, 1М-31Б, 2М-30Б, 2А-50кБ топтарынан).
Ойындар айналмалы жүйе бойынша өткізілді:
Қызықты және тартысты ойындар нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
- I орын – Мейрамбек Әділет (1ОПУ-52кБ)
- II орын – Кусанов Нурбулат (2А-50кБ)
- III орын – Данияров Арман (1ОПУ-52кБ)
Жеңімпаздар онкүндіктің жабылу салтанатында грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталады.
Бұл іс-шара студенттердің қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысуына, логикалық ойлау қабілетін дамытуына және зияткерлік ойындарға қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті. Студенттер белсенділік танытып, болашақта тағы да осындай турнирлерге қатысуға ниет білдірді.