
22 қыркүйекте біздің колледжде «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында маңызды іс шара – сабақ өтті.
Технологиялардың қарқынды дамуы және біз күнделікті өңдейтін ақпарат көлемінің ұлғаюы жағдайында қауіпсіздік мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Сабақта студенттер мен оқытушылар ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттарымен танысты, цифрлық кеңістіктегі заманауи қауіптер туралы ақпарат және жеке деректерді қорғау бойынша практикалық кеңестер алды.
Ақпараттық пәндер оқытушылары өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап берді.