
2025 жылғы 26 қыркүйекте Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай колледжде «Көңілді старттар» және волейболдан турнир өтті.
Спорттық іс-шараға колледждің барлық мамандықтары бойынша бірінші курс студенттері қатысты. Бұл күн студенттерге қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлады!