
Темір жол көлігі және экономикалық пәндер онкүндігі қарқын алуда. Бүгін өндірістік оқыту шебері Ажар Бауыржанқызы Шокенова «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты реттеу» мамандығы бойынша 4ОПУ-45кБ тобында ашық сабақ өткізді.
Сабақ «Темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару жүйесі» зертханасында өтті.
Студенттер дөңестегі вагондарды бөлшектеу дағдыларын жаттықтырды, кезекші диспетчердің міндеттерін орындады, пойыздардың күнделікті кестесін толтырды.