Бүгін теміржол-экономикалық пәндер ПЦК онкүндігі аясында арнайы пәндер оқытушысы Жанузакова Айгерим Нуржановна ашық сабақ өткізді.
Сабақ 2А-49Б тобының “Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару” мамандығының студенттерімен “Теміржол бағдаршамдарын схемада белгілеу” тақырыбында өтті.
Сабақ студенттердің сабақтың оң нәтижесіне психологиялық көңіл-күйін қалыптастыруға ықпал ететін мотивациялық-бағдарланған кезеңнен басталды. Айгерим Нуржановна сабақта танымдық қызметті жандандырудың келесі әдістерін қолданды – проблемалық, іздестіру мәселелерін қою, демонстрациялық-үлестірмелі материал, ақпараттық технологияларды, бейнематериалды пайдалану.
Сабақтың түрі мен мақсаттарын ескере отырып, оқытудың әртүрлі формалары мен әдістері қолданылды: топтық жұмыс, тақтадағы жұмыс, фронтальды сауалнама, өзіндік жұмыс.
Сабақ қызықты өтті. Барлық білім алушылар жұмыс процесіне тартылды, бөгде бақылаушылар болған жоқ.
Сабақ барысында оқытушы мен студенттер арасындағы ынтымақтастық ахуалы орнады.