Колледжде Жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті. Кездесу тақырыбы «Мұғалімнің рефлексиялық әрекеті. Сабақты талдау және өзіндік талдау».
Кездесуде педагог-тәлімгерлер Исакова Асель Маратқызы мен Богдана Валерьевна Солонская өз сабағынан мысал келтіре отырып, сабақты талдау барысында қандай аспектілерге назар аудару керектігін көрсетті.
Жас мамандар өз сабақтарын мысалға ала отырып, рефлексияны қалай жүргізетінін көрсетті.