img

Қостанай және Ақмола облысының заманауи білім беру үдерісін дамытуға мүдделі оқытушыларын, директор орынбасарларын және жас мамандарды біріктірген №9 «Педагогикалық тәжірибе және әдістемелік шешімдер: тәжірибе және нәтиже» секциясының жұмысы сәтті өтті.

Секцияның мақсаты – озық педагогикалық тәжірибе алмасу, тиімді әдістемелік шешімдерді талқылау және заманауи білім беру технологияларын енгізудің практикалық нәтижелерін ұсыну.

Секция жұмысы барысында қатысушылар инновациялық педагогикалық технологияларды енгізуге, білім беру ортасындағы цифрлық құралдарға, білім беру нәтижелерінің сапасын бағалауға, білім беру жобаларын іске асырудың практикалық кейстеріне арналған шеберлік сыныптарын ұсынды.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша педагогикалық қоғамдастықтың кәсіби шеберлікті дамытуға, тиімді білім беру шешімдерін іздеуге жоғары қызығушылығы атап өтілді және марапатталды:

1-орын: Тулегенов Е.Н., Сагумбаев М.К., Задорожнюк В.В. «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» МКҚК

2-орын: Баймурзина С.А., Печерица В.В. «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК

3-орын: Серкебаева Л.Т., Дуйсюбаева Д.А. «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК, Шинкарева Е. А. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агротехникалық колледж, Есіл қаласы» МКҚК