
2023 жылғы 10-11 қазан аралығында Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде спорт саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті.
Конкурсқа Республика колледждерінің 12 оқытушысы қатысты – облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары.
Байқау үш кезеңнен тұрды: Президенттік тест «Түрлі спорт бойынша жарыстар», заманауи талаптарға сай сабақ өткізу, Шеберлік сыныбы.
Бұл байқауда біздің облыстаң “ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі” ЖМ оқытушысы Чернышова Татьяна Александровна – «Үздік дене шынықтыру оқытушысы» облыстық байқауының жүлдегері қатысты.
Табанды күресте Татьяна Александровна 3 орынға ие болып, медальмен марапатталды.
Жеңіспен құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!