
2024 жылғы 22 сәуірде оқытушы Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна және 1 курс студенті Анастасия Захарченко Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің базасында «GYLYMI SAIAHAT» халықаралық қатысуымен өткен республикалық фестивальге қатысты. Фестивальдің мақсаты: студенттер, шығармашылық ұжымдар, ата-аналар қауымы, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен оқытушылары, әлеуметтік серіктестер арасында ғылыми-техникалық мамандықтарды дәріптеу.
Оқытушы Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна «Білім алушыларда ғылыми ойлауды қалыптастырудың негізі ретінде жалпы білім беру пәндері» секциясында сөз сөйлеп, 2 орын, ал студент Анастасия Захарченко ғылыми көрмеде 1 орын алды.