Колледж оқытушысы Солонская Б.В. «Заманауи білім беру жұйесі: идеялар, тәжірибелер,ізденістер атты республикалық онлайн конференцияға қатысты. Конференцияны Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты – заманауи сапалы білім беруде нәтижелерге жетуге бағытталған инновациялық тәжірибені тарату, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың теориялық және практикалық аспектілерін талқылау. Конференция келесі бағыттар бойынша өтті:
– Қазіргі білім берудің құндылық бағыттары,
– Инклюзивті білім берудің заманауи мәселелері:
– Инновациялық білім беру: теория, технология, практика.
– Білім беру жүйесін цифрландыру: тәжірибе және перспективалар.
Екінші секцияға Солонская Богдана Валерьевна қатысып, «Психикалық ауытқулары бар балаларға арналған ұзартылған күн тобы» деген жұмысын ұсынды.
Жұмыс сертификатпен марапатталды және конференция материалдары жинағында жарияланды.