Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде Vershina Grappling League IV грэпплинг және грэпплинг GI бойынша өңірлік турнир өтті. Жарысқа өңірдің ең мықты спортшылары қатысып, жекпе-жек спорт түрлері саласындағы маңызды оқиғаға айналды.
Турнир қорытындысы бойынша «КИнЭУ Кәсіпкерлік колледжі» ЧУ студенті, 1 ЭКС-4 Б тобының білім алушысы Клинковский Глеб жоғары деңгейдегі спорттық дайындық пен шеберлігін көрсетті.
7 ақпанда ол грэпплинг дисциплинасы бойынша 1-орынды иеленсе, 8 ақпанда грэпплинг GI дисциплинасы бойынша да 1-орынға қол жеткізді.
Қол жеткізген нәтижелер спортшының мақсаткерлігін, кәсіби дағдыларының жоғары деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын айқын дәлелдейді.