img

27-28 мамырда колледжіміздің базасында «Электроника» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills 2025» регионалдық чемпионаты өтті. Сайысқа Қостанай облысының алты колледжінің өкілдері қатысты.

Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу «Электроника» құзыреттілігін басқару командасының жауапкершілігінде болды. Бас сарапшы ретінде Холин Е.О. («КИнЭУ кәсіпкерлік колледжі»), ал бас сарапшының орынбасары ретінде Бермухамбетов Р.А. («Қостанай қызмет көрсету колледжі») тағайындалды.

Конкурстық тапсырма келесі модульдерді қамтыды:

  • электрондық құрылғыларды жобалау;
  • бағдарламалау; •
  • берілген тапсырмаларға сәйкес электрондық құрылғыларды жөндеу;
  • дефектік электрондық құрылғыларға жөндеу жұмыстарын орындау.

Чемпионатқа қатысқан барлық қатысушыларды құттықтаймыз және ұйымдастырушылар мен сарапшыларға іс-шараны жоғары деңгейде даярлағаны және өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз!