img

11.02.2025 «Ақпараттық пәндер» ПЦК онкүндігі аясында арнайы пәндер оқытушысы М.Ю. Беспалов «Қайталанатын әрекеттерді жасау үшін циклдармен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оған «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3ПОВТ-20Б тобының студенттері қатысты.

Сабақ аралас түрде өткізілді. Сабақ барысында студенттер теориялық материалдармен танысты. Содан кейін олар тапсырманы өз бетінше орындады: PHP тілін қолдана отырып, «Қазақ ұлттық аспаптары» тақырыбында сайт құрды.