img

Бүгін “ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі” ЖМ студенттерінің Қостанай облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полковник Мақсұт Көшербайұлы Ералиевпен кездесуі өтті. Осы кездесуде ол кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі, ІІО-да есепке қою негіздері, жасөспірімдер ортасында буллинг тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Студенттерге қоғамдық орындарда және кәмелетке толмағандар көп жиналатын орындарда темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды тұтынғаны үшін, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені немесе кәмелетке толмағандар көп жиналатын жерлерде есірткіге мас болу, сондай-ақ бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын туралы айтылды, бопсалау тақырыбы да қозғалды. Кездесу соңында студенттерге “Буллинг”тақырыбында бейнеролик көрсетілді.