img

2023 жылғы 21-25 тамыз аралығында Республикалық темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығында колледж оқытушылары Б.А.Мұратов, К.С.Жақсалықова “Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару” мамандығы бойынша “Жол және жол шаруашылығы” тақырыбында және Б.З Смағұлов, А.Н.Жанузакова “Автоматика, телемеханика және темір жол көлігін басқару” мамандығы бойынша “Темір жол көлігінде автоматика телемеханика” тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Оқыту “ҚТЖ” ҰК АҚ филиалы – “Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы” (Астана қ.) базасында офлайн форматта ұйымдастырылды.
Орталық мамандары оқытудың міндетті түрлерін – еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум, электр қауіпсіздігі, сондай-ақ теміржол көлігінің 150-ден астам мамандығын даярлау және біліктілігін арттыруды жүргізеді.
Курстардың бірінші күні орталықтың инженері, оқу орнының оқу зертханалары бойынша экскурсия ұйымдастырды.
Зертханалар теміржол көлігі қызметкерлеріне қажетті ең заманауи және ыңғайлы құрылғылармен жабдықталған.
Біз өзімізді тепловоз бен электровоздың нақты кабиналарын толығымен имитациялайтын арнайы тренажерларда машинист және машинист көмекшісі ретінде сынап көрдік. Сондай-ақ жүк вагон шаруашылығы, жолаушылар шаруашылығы, дәнекерлеу шаруашылығы, дефектоскопия және т. б. зертханалары бар.
Сондай-ақ, полигонға тепловоздың, паровоздың ескі модельдерінен бастап магистральдық локомотивтерге дейінгі тарихты зерттеумен бардық.
Сондай-ақ, “Жол диагностикасы орталығына” және Астана жол дистанциясына шығу ұйымдастырылды.
Оқу аяқталғаннан кейін курстан өткені туралы сертификат берілді.