img

Наурыз мерекесі қарсаңында акциялар өткізу үшін “Бір шаңырақ астында”
ұранын таңдап алды:
1.”Ұлттық киім – ұлттық рух” акциясы.
Мақсаты: колледж студенттері арасында қазақ ұлттық киімін дәріптеу, костюм мәдениеті арқылы дәстүрлерге деген қызығушылықты арттыру.
Талаптары: Наурыз қарсаңындағы алдынғы аптасы -17.03– 22.03 дейін акцияға қатысушылар колледжде Ұлттық киім элементтерін (камзол, шапан, такия, сәукеле және т.б.) киіп жүруі.
Куратордың ұлттық киімдегі топпен фотосуреттерін (топ пен куратордың аты-жөнін көрсете отырып) Данченко Т. В. 87771786457 нөміріне жібереміз
2. Наурыз мейрамы қарсаңында” Бала жүрегіне бақыт сыйлайық ” қайырмалдық акциясы.
Құрметті достар!
Наурыз мерекесі қарсаңында балаларға арналған ойыншықтар мен кітаптар жинау бойынша “Бала жүрегіне бақыт сыйлайық” қайырымдылық акциясының басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.
Акцияның мақсаты – ерекше мұқтаж жандарға қуаныш сыйлау. Бұл заттар қиялды дамытуға, балаларды тәрбиелеуге және көңіл көтеруге көмектеседі, сонымен қатар жылулық пен қамқорлық береді.
Сыйланатын заттар:
Ойыншықтар: жақсы, балалар үшін қауіпсіз күйде болуы керек.
Кітаптар: кез-келген жастағы балаларға арналған кітаптар, әдемі айқын иллюстрациялар және қызықты мазмұнды болуы керек.
Науқан күні 11-17 наурыз аралығында, заттарды 502 Бн кабинетіне Т.В. Данченкоға әкелуіңізге болады.
Жиналған барлық ойыншықтар мен кітаптар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету мекемелеріне беріледі.
Біз сіздердің ке келген көмегіңіз бен қолдауыңыз ға риза боламыз! Сіздің қамқорлығыңыз бұл әлемді сәл жарқын және жылы етеді!
Сүйіспеншілікпен және ризашылықпен, “Жақсылық бумерангы” еріктілер ұйымы.