
21 сәуір күні 1М-31Б тобында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты оқытушы Бектасова А.А. жүргізді. Тақырыбы: «Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасы». Сабақ жалпы білім беру пәндері онкүндігі аясында өткізілді.
Сабақ барысында студенттер С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасымен танысып, жасанды интеллект көмегімен автор дауысы арқылы поэмадан үзінді тыңдады, поэма мазмұнын өнер туындыларымен салыстырып, мемлекеттік тілде өз ойларын ортаға салды.
Сабақ белсенді және танымдық сипатта өтіп, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.
х