img

22 сәуір күні 1М-31Б тобында «Химия» пәні бойынша Ибраева А.Д. ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Күрделі эфирлер мен сабындар. Майлар. Сірке қышқылын алу және оның химиялық қасиеттерін зерттеу».

Сабақ жалпы білім беру пәндері онкүндігі аясында өткізілді. Сабақ барысында студенттер майлардың, күрделі эфирлердің және сірке қышқылының химиялық қасиеттерінің теориялық негіздерімен танысты. Практикалық бөлімге ерекше назар аударылып, химиялық реакцияларды модельдеу және олардың күнделікті өмірдегі маңызын талдау жұмыстары жүргізілді.

Сабақ танымдық әрі нәтижелі атмосферада өтті. Ол студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.