
Бүгін 19 сәуірде жалпы білім беретін пәндер онкүндігі аясында оқытушы Тавтыбаева Алия Аблаевна 1УА-20б тобында “Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы – Мұхтар Әуезов “Абай жолы” роман-эпопеясы. Сабақта топтық жұмыс түрі пайдаланылды, онда студенттер жарыса отырып түрлі тапсырмаларды орындады, атап айтқанда Абай Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнін шырқады, “Абай жолы”романынан диалог үзінділерін сахналады.