img

22 сәуір- Халықаралық Жер күні. Осыған орай “ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжінің оқытушылары Т. В. Данченко, Л.К. Мамитанова кітапханамен бірлесіп “Табиғатты қорғау-Отанды қорғау” тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараға техникалық және механикалық-технологиялық бөлімшелері бірінші курстарының құрама командалары қатысты. Командалар веб-квесттерден өтті, “Галактика сақшыларының” аудио сұрақтарына жауап берді, “Экокараокеде” ән айтты, өлең оқыды, “Экологиялық жаңалықтар”тақырыбында репортаждар дайындады. Блиц-викторина сұрақтарына жауап берген көрермендер белсенді болды. Ойын қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпазды атады. Бірінші орынды техникалық бөлім командасы, екінші орынды механикалық-технологиялық бөлім командасы жеңіп алды.