img

Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің базасында 2025 жылдың 13 мамырында Қостанай облысының техникалық кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында облыстық «Идеялар хакатоны» байқауы өтті.

Байқауға 3 курс студенті Фефелов Самуил мен 2 курс студенті Шишкина Полинадан тұратын колледж командасы «Құрылыстағы Lego блоктары» жобасымен  қатысты. Арнайы пәндер оқытушысы Федоренко Владимир Вячеславович «Жеке ортездер мен экзоскелеттерді басып шығару» жобасымен қатысты.

Қазылар алқасы оқытушы мен колледж командасының жұмысын жоғары бағалады.

Оқытушы Федоренко Владимир Валерьеич 1 орынға иеленді, колледж командасы «Детальдардары жаңашылдық» номинациясымен марапатталды. Бәрекелді! Жарайсыңдар!