
Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің базасында 2023 жылдың 30 мамырында Қостанай облысының техникалық кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында облыстық «Идеялар хакатоны» байқауы өтті. br>
Байқауға колледж командасы, құрамында арнайы пән оқытушысы Олейник Сергей Сергеевич және 3 курс студенттері Никогосян Нарек, Қалдыбаев Алдияр, «Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы Каспий теңізінің экологиялық мәселесін шешу» жобасымен қатысты. br>
Әділқазылар алқасы команда жұмысын жоғары бағалады. br>
Жоба 2 орынды иеленді. Бәрекелді! Жарайсыңдар! br>