img

Колледж студенттері халықаралық қатысумен өткен «Менің мамандығым. Менің өндірістегі тәжірибем” облыстық практикалық конференциясына қатысты.

Конференцияның мақсаты – студенттердің кәсіби (өндірістік) тағылымдама нәтижелері бойынша ақпараттық технологиялар негізіндегі тәжірибелік әзірлемелерін ұсыну; тағылымдамадан өту кезінде проблемалық мәселелерді анықтау; табысты маманның негізгі қасиеттерін анықтау; студенттердің практикалық іс-әрекетін белсендіру; жоғары курс студенттерінің өндірістік практикасының қорытындысын шығару.

Конференция келесі бағыттар бойынша өтті:

• Энергетика және автоматтандыру

• Көлік, көліктік техника және технологиялар

• Машина жасау және металл өңдеу

• Құрылыс, сәулет және дизайн

• Экономика, менеджмент, маркетинг

• Қызмет көрсету саласы және білім беру

• Ақпараттық технологиялар

• Өнер.

«Ақпараттық технологиялар» секциясына «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенттері Дамир Смагулов, Злата Солонская, Владислав Харченко, “Энергетика» және автоматтандыру» секциясына «Жылу техникасы және жылумен жабдықтау жүйесі» мамандығының 3 курс студенттері Мадияр Насымбаев, Даниил Кривоспицкий қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша Даниил Кривоспицкий –2 орын, жетекшісі- Астапкова Татьяна Сергеевна, Дамир Смағұлов – 3 орынды иеленді, жетекшісі- Олейник Сергей Сергеевич.

Студенттер қатысу сертификаттарын да алды. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!