«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «ДОДА» өңірлік дарынды және шығармашыл жастар лигасы» жобасын жүзеге асыру аясында топтық іріктеу ойындары өткізілді. ҚИнЭУ Кәсіпкерлік колледжінің командасы «С» тобында болды.
28 қыркүйекте колледж командасы 4 кезеңге қатысты. Әр кезең өзінше ерекше және қызықты.
№ 1 кезең-логикалық, сыни, аналитикалық ойлауға, сондай-ақ көптілділікке арналған “ASU intellect” интеллектуалды ойыны. Екінші кезең мобильді ойындар. Үшінші кезең “Көңілді старттар”. Төртінші және соңғы “Жайдарман” ойыны, “Әдемі әлем” атты тақырыбында.
Әр іріктеу тобынан финалға екі команда өтті. Жалпы командалық есепте біздің колледж студенттері топтан көшбасшылармен шығып, финалға өтті.
Колледж студенттері 50 мың теңге сомасына сертификат ұтып алды. Балаларды құттықтаймыз және жаңа жеңістерді күтеміз!