img

18.03.2025 жылы ҚИнЭУ спорт кешенінде Наурызнамның онкүндігіне арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл күні колледж студенттері, оқытушылары және қонақтары өзбек, қырғыз, татар, ұйғыр, түрік, түрікмен, әзірбайжан, башқұрт, қарашай, чуваш және қазақ сияқты көптеген түркі халықтарының ұлттық тағамдарын тамашалай алды! Жалпы, бүкіл іс-шара өте тату және ынтымақты өтті. Мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысуы, әрқашан жылы және жағымды әсер қалдырады! Әр топ оқу тобының жетекшісімен бірлесе отырып, өздері таңдаған ұлттың ұлттық тағамдарын ұсынып ғана қоймай, сонымен қатар би, ән, салт-дәстүр, сондай-ақ ұлттық ойындар кіретін шығармашылық көріністерін дайындады. Аталған жәрмеңкеде 80 000 теңге жиналды, барлық қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Колледж әкімшілігі концерттік бағдарламаның барлық қатысушыларына, сондай-ақ ата-аналар, студенттерге, әрине, әріптестеріне үлкен алғысын білдіреді! Келе жатқан “Наурыз-2025” мерекесі құтты болсын!