
Елімізде 5 қазанда Ұстаздар күні тойланады. «Жастар сарайында» Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шара аясында колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Сәуле Батырхайырқызы «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталды.
Колледждің студенттік парламенті де мерекелік концерт ұйымдастырды. Колледждің салтанатты іс-шарасында арнайы пән оқытушылары Жанузакова Айгерим Нұржанқызы, Смағұлов Бегайдар Зарлыханұлы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды,Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен – арнайы пән оқытушысы Виталий Анатольевич Собарь марапатталды.
Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!