img

2025 жылғы 26 ақпанда «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінде» «Жас ҒАЛЫМ-2025»-«Жастар – елдің инновациялық даму факторлары және ресурстары» халықаралық ғылыми – практикалық байқауы өтті.

Байқаудың ұйымдастырушысы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетімен бірлесіп «ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі»  ЖМ  болып табылады.

«Жас ҒАЛЫМ-2025» халықаралық ғылыми-практикалық байқауы Мыржақып Дулатовтың мерейтойына арналған.

Конференцияның мақсаты-студенттер мен педагогтердің ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық жетістіктерін насихаттау және зерттеу құзыреттілігін дамыту.

Байқау аралас (онлайн-офлайн) форматта өтті. Конференцияға Қостанай облысының 25 колледжі, республиканың 30-дан астам колледжі, Барнаул теміржол көлігі лицейі, Ресей Федерациясының Орынбор теміржол көлігі техникумы қатысты.

Конференцияға 435-тен астам жоба келіп түсті. Халықаралық ғылыми-практикалық байқау секция бойынша өткізіледі.

Секция 1. Роботехника және бағдарламалау.

Секция 2. Көлік, көліктік техника және технология

Секция 3. Тарих және филология

Секция 4. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері

Секция 5. Педагогика және психология

Секция 6. Start-up. Болашақ тинейджерлер көзімен

Секция 7. Болашақтағы инновациялық және энерготиімді технологиялар

Секция 8. Экономика және менеджмент

Секция 9.  Ғылыми жобалар жетекшілері тәжірибесіндегі әдістер мен технологиялар

 

Конференцияны М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік университетінің президенті Мамедов Рихсибай Абдурахманұлы ашты, ол оны өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін, сондай-ақ белгілі ағартушы, публицист М. Дулатовтың мерейтойлық күніне байланысты іс-шараның ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ,  ҚОӘББ «Әдістемелік орталық» директорының орынбасары Утегенова Гульнара Маратовна, колледж директоры Казаков Анатолий Иванович құттықтау сөз сөйледі.