Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына арналған “ЖАС ҒАЛЫМ-2024” халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция 2024 жылғы 22 ақпанда “ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі” базасында “Жастар – елдің инновациялық даму факторлары және ресурстары” тақырыбында “Жас ҒАЛЫМ-2024 халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты:-студенттердің ғылыми- зерттеу құзыреттілігін дамыту және ғылыми-практикалық жетістіктерін насихаттау. Қатысушылар: Қостанай облысының 21 оқу орнының 1-4 курс студенттері, республиканың 40 колледжі, Ресей Федерациясының оқу орындары: Барнаул теміржол көлігі лицейі, Барнаул мемлекеттік педагогикалық колледжі, Алтай өнеркәсіптік-экономикалық колледжі, Орынбор теміржол көлігі техникумы.
Конференцияға 350 жоба ұсынылды. Конференция келесі секциялар бойынша өткізілді:
1 – Информатика және ақпараттық технологиялар
2 – Көлік, көлік техникасы және көлік технологиясы
3 – Тарих және филология
4 – Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері
5 – Педагогика және психология
6 – Start-up. Болашақ жасөспірім көзқарасы
7 – Тамақ өнеркәсібінің заманауи технологиялары
8 – Экономика және менеджмент
Ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасының құрамына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Челябі мемлекеттік университеті, Шракбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясы жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылды.
Сондай – ақ, СарыарқаАвтоПром ЖШС Корпоративтік университетінің Жоғары инженерлік мектебінің мамандары, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заң бөлімінің бас маманы, Business Development Sales Marketing SMM агенттігінің тең құрылтайшысы қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша электронды жинақ шығарылады, ол колледж сайтында орналастырылады. Әр қатысушы сертификат алады.
Үздік жұмыстардың авторлары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. 1,2,3 дәрежелі дипломдармен 70 қатысушы марапатталды, шығармашылық көзқарасы, зерттеу ұстанымы, практикалық бағыты үшін грамоталармен 40 жоба марапатталды.